Бельгияда ArcelorMittal компаниясының алты зауыты жабылады

Фотография - Бельгияда ArcelorMittal компаниясының алты зауыты жабылады

Бұл туралы мәлімдеме бүгін компанияның ресми сайтында жарияланды

208 0

Әлемдегі ірі металлургия концерні «АрселорМиттал» (ArcelorMittal) Еуропа нарығындағы тоқырауға байланысты Бельгиядағы алты зауытын жабуға ниет білдірді. Бұл туралы мәлімдеме бүгін компанияның ресми сайтында жарияланды.

«АрселорМиттал» бағалауы бойынша, Льеж қаласы маңындағы кәсіпорындар жұмысының тоқтауы 1,3 мың адамды жұмыссыз қалдырады, деп хабарлады ИТАР-ТАСС. Мамандар қалыптасқан жағдайдан шығудың жолын іздестірумен айналысуда.

«АрселорМиттал» 2006 жылы люксембург және үнді компанияларының бірігуі жолымен қалыптасты. Қазіргі таңда концерннің үлесіне әлемдік болат нарығының басым бөлігі кіреді. Компанияның бірнеше елде кәсіпорындары бар.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!