Германиядағы мұсылмандар санының өсуі неміс жұртын алаңдатып отыр

Фотография - Германиядағы мұсылмандар санының өсуі неміс жұртын алаңдатып отыр

Германиядағы мұсылмандар санының өсуі, әсіресе, қоғамның әлеуметтік бөлігінде бес уақыт намазын қаза қылмайтындардың көбеюі неміс жұртын алаңдатып отыр

224 0

Германиядағы мұсылмандар санының өсуі, әсіресе, қоғамның әлеуметтік бөлігінде бес уақыт намазын қаза қылмайтындардың көбеюі неміс жұртын алаңдатып отыр.

«Ондаған жылдар бойы әйелдер теңдікке ұмтылып, айтарлықтай нәтижеге қол жеткізген болатын. Ал енді әйелдер бастарына орамалды өздері тартып, қалай киіну керектігін өздері шешетін болды», – дейді Кельн тұрғындарының бірі Deutsch Welle-ге берген сұхбатында. Баяғы орамал тартқан әйел олар үшін теңдіктен айрылған адам секілді. «Мен мұны қаламаймын. Мені қорқытатыны да – осы», – дейді ол.

Оның бұл сөзімен немістердің көбісі келісіп отыр. Мұсылмандарға қарсы көңіл-күй жуықта жарық көрген әлеуметтік зерттеуде де көрініс тапқан болатын. Бұл зерттеуді Билефельда университеті соңғы он жылдың ішінде жүргізгенін айта кету керек.

Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, немістердің 19 пайызы ғана Исламды неміс мәдениетіне жат емес деп есептейді.

«Бұл көрсеткіш бүкіл Еуропа бойынша ең төменгі көрсеткіш болып тұр», – деді зерттеуге жетешілік еткен психолог Андреас Зик.

Немістердің 46 пайызы «Германияны өзге жұрттың өкілдері жайлап алады ма?» деп қауіптеніп отыр. Ал 30 пайызы өзге ұлттарға қарсылық ретінде немесе жат жұрттықтардың қолымен жасалуы мүмкін теракті және т.б. секілді нақты қанқұйлы әрекеттерден үрейге бой алдырған.

Сарапшылар 90-шы жылдары орын алған ксенофобия мен осы заманғы исламофобияның бір-бірімен байланысы бар деп отыр. Олардың айтуынша, бұл екеуі де әлеуметтік құрылымның ерекшеліктеріне негізделеді.

Мюнстер университетінің әлеуметтанушысы және дінтанушысы Детлеф Полпак кез келген жағдайдан үрейлену неміс қоғамына тән екенін айтып отыр. Мұның тарихи себебі де бар көрінеді. Немістер қиындықты жанама жолмен шешкісі келетін әдетін алға тартты.

Рас, мұсылмандардың етек жаюы немістерді күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырды. Әрине, мұсылмандардан оларға тиер титтей де зиян жоқ. Тек ақиқатқа көз жұмғысы келетіндерді осындай үрей билейтіні белгілі. Ал «қорыққанға қос көрінер» деп қазақ баяғыда айтқан.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!