Францияда ауқаттыларға салық салынбайтын болды

Фотография - Францияда ауқаттыларға салық салынбайтын болды

Бұл туралы The Local Франциядағы дереккөзіне сілтеме жасап хабарлайды

167 0

Франция президенті Франсуа Олланд миллионерлер табысының 75 пайызына салық салу туралы бастамасынан бас тартты. Бұл туралы The Local Франциядағы дереккөзіне сілтеме жасап хабарлайды.

Франция үкіметі социалист Олланд сайлауда жеңіске жеткеннен кейін, жылдық табысы бір миллион еуродан асатын ауқатты адамдардың табысына 75 пайыз көлемінде салық салу туралы бастама көтерген. Бұған француздың бай адамдары қарсылық танытып, егер ондай заң қабылданатын болса азаматтығын ауыстыратынын айтты, деп жазады Lenta.ru.

Желтоқсанда Францияның Конституциялық соты салықтың бұл түрін заңсыз деп тапты. Одан кейін премьер-министр Жан-Марк Эйро салықтың түрі қайта қаралып, кейін парламентке жіберілетінін мәлімдеді.

Сауалнама нәтижесінде белгілі болғандай, француздардың 61 пайызы аса байларға салық салынуын құптаған. Ал 21 пайызы оның көлемі 75 пайыз және одан да көп болу керек деп санайды.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!