«Эль Паис» газеті Уго Чавестің жалған суретін жариялаған

Фотография - «Эль Паис» газеті Уго Чавестің жалған суретін жариялаған

Венесуэланың Ақпарат министрі Эрнесто Вильегас жергілікті биліктің испандық «Эль Паис» газетін сотқа беруді ұйғарғандығын мәлімдеді

250 0

Венесуэланың Ақпарат министрі Эрнесто Вильегас жергілікті биліктің испандық «Эль Паис» газетін сотқа беруді ұйғарғандығын мәлімдеді.

Венесуэла билігі Уго Чавестің жалған суретін  жариялағаны үшін басылым қызметкерлеріне шамданып отыр. Аталған суреттерде президенттің ота үстелінде жатқаны көрсетілген. Алайда кейін ол Чавес емес, басқа бір науқас екені анықталды. Басылым қызметкері Томассо де Бенедетти жалған ақпарат таратқанын мойындап отыр. Кейбір ақпарат көздері, аты шулы суретті басу  үшін қызметкердің 30 мың еуро алғанын айтады. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, қазір гаваналық ауруханада ем алып жатқан Чавес жақында еліне оралуы мүмкін.


Тегтер:

бразилия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!