Чехияда президент сайлауының екінші кезеңі басталды

Фотография - Чехияда президент сайлауының екінші кезеңі басталды

11-12 қаңтарда өткен сайлаудың алғашқы кезеңінде тоғыз үміткердің арасынан Земан мен Шварценберг сайлаушылардың ең көп даусын жинаған еді

115 0

Екі күнге созылатын президент сайлауының екінші кезеңінде Социал-демократиялық партияның жетекшісі, бұрынғы премьер-министр Милош Земан мен қазіргі сыртқы істер министрі, консервативтік партия жетекшісі Карел Шварценберг сынға түсіп жатыр.

11-12 қаңтарда өткен сайлаудың алғашқы кезеңінде тоғыз үміткердің арасынан Земан мен Шварценберг сайлаушылардың ең көп даусын жинаған еді.

Бұған дейін президентті халық емес, парламенттің қос палатасы сайлап келген. Жалпыхалықтық сайлау бұл елде бірінші рет өтіп отыр.

Парламент бес жыл мерзіммен екі рет сайлаған елдің қазіргі президенті, 71 жастағы Вацлав Клаустың өкілеті осы сайлаудан соң аяқталады.


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!