Түрмедегі қақтығыс 50 адамның өмірін жалмады

Фотография - Түрмедегі қақтығыс 50 адамның өмірін жалмады

Венесуэла түрмелерінің бірінде сотталғандар бас көтеріп, екі жақты қақтығыс салдарынан кемі 50 адам көз жұмды

206 0

Венесуэла түрмелерінің бірінде сотталғандар бас көтеріп, екі жақты қақтығыс салдарынан кемі 50 адам көз жұмды. Төбелеске қатысқан тағы 90 адам түрлі дене жарақаттарын алған.

Оқыс оқиға елдің солтүстік-батысында орналасқан Баркисимето қаласындағы түзеу мекемелерінің бірінде орын алған. Қалалық аурухана дәрігерлерінің айтуынша, емдеу орталығына шамамен 50 адамның мәйіті әкелініпті.

Жергілікті билік болса әзірге нақты қанша адамның қайтыс болғандығын жарияламай отыр. Олардың саны елуден әлдеқайда асып кетуі мүмкін деген қауіп те жоқ емес. Көз жұмғандардың қатарында сотталғандар мен әскери қызметкерлер де бар.

Оқиға орын алғанға дейін түзеу мекемесінде шамамен 2,5 мың адамдай жазасын өтеп жатқан. Қазір түрме алдында сотталғандардың туыстары жиналып, биліктен шынайы ақпарат беруін талап етуде.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!