Египетте 21 адам өлім жазасына кесілді

Фотография - Египетте 21 адам өлім жазасына кесілді

Египет соты былтыр Порт-Саид қаласындағы стадионда футбол ойынынан соң болған тәртіпсіздіктерге қатысты айыпты деп таныған 21 адамды өлім жазасына кесу туралы үкім шығарды

179 0

Египет соты былтыр Порт-Саид қаласындағы стадионда футбол ойынынан соң болған тәртіпсіздіктерге қатысты айыпты деп таныған 21 адамды өлім жазасына кесу туралы үкім шығарды.

Үкім шығысымен жазаға кесілгендердің туыстары Порт-Саид түрмесіне басып кіруге әрекет жасаған. Қақтығыстардан сегіз адам мерт болған, олардың екеуі - полиция офицерлері деп хабарланды.

Бұл іс бойынша айыпталған тағы 52 адамға қатысты сот үкімі наурыздың 9-да жария етілуі тиіс. Айыпкерлердің арасында полицияда қызмет істегендер де бар.

Былтыр ақпанның 1-інде Порт-Саидтың "әл-Масри" командасы Каирдің "әл-Ахли" клубының ойыншыларын жеңе салысымен стадионда екі жақтың жанкүйерлері арасында төбелес басталып кеткен болатын.

Осы оқиға салдарынан 74 адам қаза тауып, мыңнан астам адам жараланған еді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!