Ауғанстанда жарылыстан 10 адам көз жұмды

Фотография - Ауғанстанда жарылыстан 10 адам көз жұмды

Ауғанстанның Кундуз қаласында жойқын жарылыс болып, 10 полиция қызметкері көз жұмды

131 0

Ауғанстанның Кундуз қаласында жойқын жарылыс болып, 10 полиция қызметкері көз жұмды.

Құрбан болғандардың қатарында құқық қорғау органдарының лауазымды шенеуніктері бар. Дүмпу салдарынан 20-ға жуық адам жараланды. Жергілікті ақпарат көздерінің хабарлауынша, оқыс оқиға шаһардағы орталық базарда, полиция бөлімінің жанында болған. Мотоциклге мінген жанкешті бір топ полицейлер өтіп бара жатқанда, жарылғыш затты іске қосқан. Зардап шеккендер жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер олардың дені ауыр халде екендігін жеткізді. Қазірге лаңкестік әрекет үшін жауапкершілікті ешқандай үкіметке қарсы қарулы топ өз мойнына алған жоқ.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!