Чехияның жаңа президенті – Милош Земан

Фотография - Чехияның жаңа президенті – Милош Земан

Чехиядағы президенттік сайлауда мемлекеттің бұрынғы премьер-министрі Милош Земан жеңіске жетті

218 0

Чехиядағы президенттік сайлауда мемлекеттің бұрынғы премьер-министрі Милош Земан жеңіске жетті.

Ресми деректерге сүйенсек, Земан 54,8% дауыс жинаған. Бұл барлық 14 мың 904 сайлау бөлімдерінен алынған мәлімет. Оның басты қарсыласы – бірінші вице-премьер, Сыртқы істер министрі Карел Шварценбергке электораттың 45,19%-ы қолдау көрсеткен. Президенттік сайлаудың екінші кезеңіне келген дауыс берушілер саны 59,11%-ға жетті.

Айта кету керек, Земан 1944 жылы қыркүйектің 28-і күні Колин қаласында дүниеге келген. 1968 жылы компартия мүшесі болып, 1993 жылы Чехияның социал-демократиялық партия төрағасы болып сайланған екен.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!