Египеттің 3 қаласында төтенше жағдай жарияланды

Фотография - Египеттің 3 қаласында төтенше жағдай жарияланды

Египет президенті Мұхаммед Мурси қақтығыстардан ондаған адам мерт болған Порт-Саид, Суэц және Исмаилия қалаларында 30 күнге созылатын төтенше жағдай жариялады

241 0

Египет президенті Мұхаммед Мурси қақтығыстардан ондаған адам мерт болған Порт-Саид, Суэц және Исмаилия қалаларында 30 күнге созылатын төтенше жағдай жариялады.

Өткен сенбіде Каир соты бір жыл бұрын Порт-Саид қаласында футбол матчы кезінде фанаттар бүлігіне қатысқан 21 адамды өлім жазасына кескен соң, оған наразылар мен полиция арасында қақтығыс басталып, 33 демонстрант қаза тапқан еді. Жексенбіде оларды жерлеу кезінде де 4 адам оқ тиіп мерт болып, жүздеген адам жараланған. Дәрігерлердің дерегі бойынша, 400-ден астам адам көзден жас ағызатын газдан уланған.

Төтенше жағдай жарияланған қалаларда түнде коменданттық сағат енгізілген. Порт-Саид пен Суэц қалаларына әскери техника кіргізілген.

Теледидардан сөйлеген сөзінде Мұхаммед Мурси дүйсенбіден бастап соңғы уақыттардағы қақтығыстарды реттеу үшін "саяси топтармен" диалог жүргізуге уәде берді.


Тегтер:

сирия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!