Екі жолаушы мінген ұшақ АҚШ-та Гудзон өзеніне құлап кетті

Фотография - Екі жолаушы мінген ұшақ АҚШ-та Гудзон өзеніне құлап кетті

Ұшақтың бортында екі адам болған.

181 0

Кеше Piper PA-32 жеңіл бірмоторлы ұшақ АҚШ-тың солтүстік-шығысында орналасқан Йонкерс қаласының маңында, Гудзон өзеніне құлап кетті. Ұшақтың бортында екі адам болған.

Полициядан берілген ақпаратқа қарағанда, апат жергілікті уақыт бойынша сағат 17:30-да Джордж Вашингтонның көпірінен 6 шақырым жерде орын алды. Құтқару жилеттерін киген ер адам мен әйел жарты сағаттың ішінде жағалауға жеткізіліп, ауруханаға жөнелтілді.

Дәрігерлер зардап шеккендердің ешқандай жарақаттар алмағанын айтуда. Оларға суық тиген. Қазіргі уақытта жағдайлары қанағаттанарлық деп бағалануда. Ұшақтың апатқа ұшырау себептері хабарланбай отыр.


Тегтер:

ұшақ құлады

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!