Клинтон келесі президенттік сайлауға қатысуы мүмкін

Фотография - Клинтон келесі президенттік сайлауға қатысуы мүмкін

Таяуда өз қызметінен кеткен АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон 2016 жылы өтетін президенттік сайлауға қатысуы мүмкін екендігін айтты

148 0

Таяуда өз қызметінен кеткен АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон 2016 жылы өтетін президенттік сайлауға қатысуы мүмкін екендігін айтты.

«Ертең немесе бір жылдан кейін не болатынын білу мүмкін емес», - деп мәлімдеді ол Си-би-эс телекомпаниясына берген сұхбатында. «Мен әзірше мемлекеттік хатшымын және партияаралық күреске араласпаймын», - деген Клинтонның сөзін ИТАР-ТАСС келтірді.

Клинтонға деген құрметін білдіріп танымал бағдарламаға АҚШ президенті Барак Обама да қатысты. Ол Хиллари Клинтонды өзінің досы әрі «үздік мемлекеттік хатшылардың бірі» деп атады.

Сондай-ақ, бағдарлама барысында Б.Обама келесі сайлауда Хиллари Клинтон өз кандидатурасын ұсынса қолдай ма деген сұраққа, ол уақыты келгенде көретіндігін айтып, төрт жылдан кейін болатын нәрсені алдын ала болжамауды ұсынды.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!