Қырғызстанда қалыңдық ұрлығы үшін жаза күшейтілді

Фотография - Қырғызстанда қалыңдық ұрлығы үшін жаза күшейтілді

ҚР Қылмыс кодексіне сәйкес түзетулер енгізуге республика президенті Алмазбек Атамбаев қол қойды

260 0

Қырғызстанда қалыңдық ұрлығы үшін жаза күшейтілді. ҚР Қылмыс кодексіне сәйкес түзетулер енгізуге республика президенті Алмазбек Атамбаев қол қойды, деп хабарлайды мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

«Заң әйелдерді іс жүзінде неке қарым-қатынасын құру үшін, сондай-ақ әйел адамды оның еркіне қарсы некеге тұруға күштеп ұрлағаны (алып қашу) үшін жазаны күшейту әдісі арқылы әйелдердің некеге тұру құқығын, сондай-ақ 17 жасқа (неке құру жасына) толмаған жеке тұлғалардың құқығын қорғауға бағытталған», – делінген хабарламада.

Аталған мақсатты іске асыру үшін заңмен қарастырылған:

- ҚР ҚК 154-бабының екінші бөліміне өзгеріс енгізіліп, ең төменгі жаза мерзімі үш жылдан бес жылға, ең жоғарғы жаза мерзімі жеті жылдан он жылға дейін ұзартылды;

- ҚР ҚК 155-бабы екі бөлімге бөлініп, «некеге тұру үшін әйел адамды оның еркіне қарсы ұрлау» деген сөзбен қылмыс белгісі айқындалып, осы қылмыс үшін жаза бес жылдан жеті жылға дейін ұзартылды.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

Отунбаева

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!