Австралияда тасқыннан 3 адам қаза болды

Фотография - Австралияда тасқыннан 3 адам қаза болды

Күн райының қолайсыздығынан Квинсленд штатында 250 мың үй жарықсыз қалды

106 0

Австралияда су тасқыны 3 адамның өмірін қиды. Күн райының қолайсыздығынан Квинсленд штатында 250 мың үй жарықсыз қалды.

Күшті дауыл, әсіресе, Баргара, Барнетт-Хедс, Кунарр және Бандаберг қаласына айтарлықтай нұқсан келтірді. Соңғы келіп түскен деректерге сүйенсек, қауіпті аймақтардан мыңдаған адам қауіпсіз жерге көшірілген. Су деңгейі кей аудандарда 9 метрге дейін көтерілген. Бандабергада үйінен шығып үлгермеген 30 мыңға жуық тұрғын үй шатырына шығып кеткен. Құтқарушылар тасқын салдарынан баспанасынан шыға алмай қалғандарды тікұшақтан арқан тастап, тартып алуға мәжбүр болды. Квинсленд штатының басшысы Кэмпбэл Ньюман зардап шеккендерге қажетті жәрдем көрсетуді қолға алды.

 


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!