«АвтоВАЗ» Ladа бағасын қымбаттатады

Фотография - «АвтоВАЗ» Ladа бағасын қымбаттатады

Ең төменгі баға - 269000 рубльді құрайды

385 0

28 қаңтардан бастап «АвтоВАЗ» 2013 жылы шығарылатын Lada автокөлігінің бағасын орташа алғанда 3%-ға қымбаттады, деп концерн «Ведомости» газетіне хабарлады. Әсіресе Samara - 3,7%-ға қымбаттайды, ең төменгі баға 284000 рубльді құрайтын болады. Priora бағасы 2,6%-ға, 344900 рубльге, Granta 3%-ға қымбаттайды. Ең төменгі баға - 269000 рубльді құрайды.

Бағаларды қымбаттату туралы шешім 2013 жылға жоспарланған 6% инфляцияны ескере отырып қабылданды, деп мәлімдеді «АвтоВАЗ» сыртқы байланыс жөніндегі директоры Игорь Буренков. Ол жыл нәтижелері бойынша Lada автокөліктерінің қаншаға қымбаттайтынын айтқан жоқ.

2012 жылы зауыт бағаны үш рет қымбаттатты, өсім орташа алғанда 6,5% инфляция кезінде 6% құрады, делінген компания мәліметінде.

2012 жылы Lada сатылымы Ресей нарығында 7%-ға, 537625 автокөлікке дейін қысқарды.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

завод

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!