Португалияда ірі жол апатынан 10 адам көз жұмды

Фотография - Португалияда ірі жол апатынан 10 адам көз жұмды

Португалияның орталығында ірі жол апаты болып, 10-нан астам жолаушы қаза тапты

318 0

Португалияның орталығында ірі жол апаты болып, 10-нан астам жолаушы қаза тапты.

Ал 33 азамат түрлі жарақаттармен ауруханаға түскен. Ақпарат агенттіктердің деректеріне қарағанда, Карвалхал қаласында автобус жүргізушісі тайғақ жол кесірінен көлік тізгініне ие бола алмай, құзға құлаған. Алдын ала болжамдарға сүйенсек, апатқа күшті жауын себеп болған. 9 адам оқиға орнында тіл тартпай кеткен. Тағы екеуі ауруханаға жеткізілсе де, дәрігерлер олардың өмірін арашалап қала алмады. Құрбан болғандардың саны әлі де өсуі мүмкін. Себебі «зардап шеккендердің төртеуінің халі мүкшіл» дейді мамандар. Әзірге құрбан болғандардың нақты есімдері белгісіз. Олардың барлығы Португалия азаматтары екені анықталды.


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!