Индонезияда лай көшкіннен 11 адам қаза болды

Фотография - Индонезияда лай көшкіннен 11 адам қаза болды

Индонезияның Суматра аралында шелектеп жауған нөсер соңы лай көшкінге ұласып,11 адам көз жұмды

148 0

Индонезияның Суматра аралында шелектеп жауған нөсер соңы лай көшкінге ұласып,11 адам көз жұмды.

Оның ішінде 10-ға жуық тұрғын із-түссіз жоғалып кетті. Әзірге жараланғандардың нақты саны белгісіз. Зардап шеккендер ауруханаларға жеткізілді. Лай көшкін Танджунг Сани елдімекеніндегі 20 үйді басып қалды. Құтқарушылар үйінді астынан қаза болғандардың мәйіттерін шығарумен әлек. Тәулік бойы жауған нөсер құтқару жұмыстарына едәуір кедергі келтірді. Негізі Индонезияда жаңбырлы мезгіл кезінде лай көшкіні жиі болып тұрады. Әдетте тау бөктерінде тұратын тұрғындар қауіпсіздік мақсатында табиғат апаттарынан сақтанып, арнайы бөгеттер қояды екен.


Тегтер:

Тайланд

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!