Ресейде кемтар балаларды асырап алғандарға 100 мың рубль берілуі мүмкін

Фотография - Ресейде кемтар балаларды асырап алғандарға 100 мың рубль берілуі мүмкін

Ресейдің білім және ғылым министрлігі ата-анасы тастап кеткен мүгедек балаларды асырап алатын ата-аналарға қомақты қаржы қарастыру мәселесін көтеріп отыр

213 0

Ресейдің білім және ғылым министрлігі ата-анасы тастап кеткен мүгедек балаларды асырап алатын ата-аналарға қомақты қаржы қарастыру мәселесін көтеріп отыр.

Министрлік мүгедек балаларды қамқорлығына алғандарға берілетін бір реттік төлемақыны 13 мыңнан 100 мың рубльге дейін көтеруді ұсынып отыр. Бұл жайында «Коммерсант» газеті аталмыш ведомствода әзірленген қаулы жобасына сілтеме жасап, хабар таратты.

2012 жылдың соңына таман Владимир Путин америкалықтарға Ресей балаларын асырап алуға тыйым салатын «Дима Яковлев заңымен» бірге жетім балаларды қамқорлығына алғандарға қолдау білдіру туралы жарлыққа қол қойған болатын. «Дима Яковлев заңы» әлдебір америкалықтың ресейліктер асырап алуға құлық таныта қоймаған үш бірдей жетім кемтарды қамқорлығына алуына байланысты қоғамда үлкен сілкініс тудырғанын естеріңізге сала кеткіміз келеді.

Ел билігі қаңтардың 14-і күні білім және ғылым министрлігіне кемтар балаларға қолдау көрсетуге қатысты президент жарлығы аясында Ресейде балаларды асырап алу рәсімдерін оңтайландырып, оңайлатудың жолдарын қарастыруға пәрмен берді.

Осыған байланысты аталмыш ведомства жоғарыда айтылған ұсыныспен ел үкіметіне шығып отыр.

Бұған қоса, құжатта бала асырап алушының үйінің әр ауданын есептеуден бас тарту да қарастырылған. Қазіргі уақытта бала асырап алғысы келетіндер тұрғын үйінің санитарлық және техникалық нормалар мен ережелерге сай келеді деген анықтама алуы тиіс.

Сонымен қатар, бала асырап алғысы келетіндердің медициналық анықтамасының мерзімін үш айдан алты айға ұзартуды және бала асырап алу жөніндегі сот шешімінің күшіне ену мерзімін 30 күннен 10 күнге қысқартуды көздеп отыр. 


Тегтер:

Ресей

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!