Тәжікстанда исламшыл ұйымның күдікті мүшелері ұсталды

Фотография - Тәжікстанда исламшыл ұйымның күдікті мүшелері ұсталды

Өзбекстан ислам қозғалысына мүше деген күдікпен алты адам тұтқындалды.

275 0

Тәжікстанның оңтүстігіндегі Қубадион аймағында тыйым салынған Өзбекстан ислам қозғалысына мүше деген күдікпен алты адам тұтқындалды.

Аймақ басшысы Абдулмумин Улфатовтың айтуынша, олардың барлығы Ауғанстанмен шекаралас ауылдың тұрғындары. Ал Тәжікстан ішкі істер министрлігі өкілінің хабарлауынша, елдің солтүстігіндегі Өзбекстанға жақын Соғды провинциясында ислам бүлікшілерінің мекен-жайын жасырды деген күдікпен тағы төрт адам ұсталған.

18 қаңтарда ішкі істер министрі Рамазан Рахимов қауіпсіздік күштерінің ӨИҚ-ның күдікті бір мүшесін өлтіріп, күдікті тоғыз мүшесін ұстағанын хабарлаған еді.

Орталық Азияда ислам халифатын құруды көздейтін ұйым қызметіне аймақ елдерінде тыйым салынған еді. Ұйым соңғы жылдары қызметін Ауғанстанда жүргізіп жатыр.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!