Нидерланды ханымы тақтан бас тартты

Фотография - Нидерланды ханымы тақтан бас тартты

Нидерланды елінің ханымы Беатрикс тақтан бас тартты.

194 0

Нидерланды елінің ханымы Беатрикс тақтан бас тартты. Осылайша ол өзінің ұлы Виллем Александрға жол беріп, таққа еркек кіндік отырсын деген шешімге келген.

Халық алдында сөйлеген Беатрикс 30 сәуір күні ұлының салтанатты түрде патша тағына отыратындығын мәлімдеді.

Ханым биыл 75 жасқа толады. Ол 1980 жылдан бері патшалықтың тізгінін ұстап отыр. Тақты мұрагеріне қалдыруды бірнеше жылдан бері жоспарлапты, алайда нақты шешімге жуырда ғана келген. Ол ұлының патша атануға дайын екендігін мәлімдеді.

Ханзада Виллем-Александр болса 45 жаста, үйленген және үш баланың әкесі. Ол Нидерланды тағына 123 жылдан кейін отыратын ер азамат. 1890 жылы Виллем ІІІ патша көз жұмғаннан кейін патшалық әулетті тек әйелдер басқарып келеді.

Саясаткерлер патша отбасындағы бұл өзгерістер елдің саяси өміріне еш әсер етпейтіндігін айтып отыр. Өйткені, конституцияға сәйкес патша мемлекеттік билікке араласа алмайды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!