Бразилияның түнгі клубында болған өрт салдарынан зардап шеккен 75 адам ауыр халде

Фотография - Бразилияның түнгі клубында болған өрт салдарынан зардап шеккен 75 адам ауыр халде

Дәрігерлердің сөзіне қарағанда, олардың басым дені қатты иіс тиіп уланған.

336 0

Бразилияның Санта-Мария қаласында орналасқан түнгі клубтағы өрттің салдарынан зардап шеккен 75 адамның жағдайы өте ауыр.

Дәрігерлердің сөзіне қарағанда, олардың басым дені қатты иіс тиіп уланған.

Полиция мекеменің екі иесін және қайғылы оқиға күні өнер көрсеткен Gurizada Fandangueira тобының екі музыкантын ұстады. Тергеушілер клубтың мекемесінде орнатылған бейнекамералардың жазбасынан ешбір таспаны таппады. Полиция бейнекамера жойылып немесе істемей қалған деген болжам жасап отыр.

Естеріңізге сала кетейік, Санта-Мария қаласында орналасқан Kiss түнгі клубында өрт 27 қаңтарға қараған түні орын алды. Қайғылы оқиға болған кезде клубтың ішінде мыңға жуық адам болған. Олардың көбісі университеттің студенттері. Жалын бірнеше минуттың ішінде мекемені түгелімен шарпыды. Анықталған мәліметтерге қарағанда, тілсіз жау 231 адамның өмірін жалмады.

Бразилияның президенті Дилма Руссефф елде үш күндіз аза тұту күнін жариялады. Бразилия парламенті палатасының депутаттары қайғылы оқиғаны тексеретін комиссия құрмақ.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!