АҚШ Иранның "ғарышқа маймыл ұшырғанын" айыптады

Фотография - АҚШ Иранның "ғарышқа маймыл ұшырғанын" айыптады

Ол БҰҰ-ның қарарын бұзған болып саналады деп мәлімдеді.

190 0

Ресми Вашингтон егер Иранның ғарышқа маймыл ұшырғаны туралы ақпарат рас болса, ол БҰҰ-ның қарарын бұзған болып саналады деп мәлімдеді.

Мемлекеттік департаменттің баспасөз хатшысы Виктория Нуланд Иранның ғарышқа маймыл ұшырғанын растай алмайтынын айтады. Бірақ ол БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Иранға "ядролық қару алып ұша алатын баллистикалық зымыран жасауға қатысты кез-келген әрекетке тыйым салатын" 1929-қарары барын еске салды.

Дүйсенбіде Иран билігі жерден ғарышқа қарай 120 шақырым қашықтыққа дейін маймыл ұшырып, қайтадан жерге оралғаны туралы хабарлаған еді.

Нуландтың айтуынша, Иранның ғарышқа маймыл ұшыруы - алаңдауға тұрарлық оқиға. "Себебі, орбитаға құрылғы алып ұша алатын кез-келген ғарыш аппараты жасалса, ол арқылы алыс қашықтыққа ұшатын зымыран жасауға болады" деді ол.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!