Мысырлық конституция қайта қаралып жатыр

Фотография - Мысырлық конституция қайта қаралып жатыр

Мысыр Президенті Мұхаммед Мүрси елдің жаңа қабылданған конституциясын қайта қарастыру үшін арнайы комиссия құруға өз келісімін берді

398 0

Мысыр Президенті Мұхаммед Мүрси елдің жаңа қабылданған конституциясын қайта қарастыру үшін арнайы комиссия құруға өз келісімін берді.

Комиссияның шешімінен кейін құжатты Мысыр Парламенті қайта қарастырады. Мүрсидің бұл әрекетке барған себебі, елдегі Үкімет пен оппозиция өкілдерінің арасында жаңа заңға қатысты шиеленіс туындады. Соңғы күндері елдің бірнеше ірі қалаларында жаппай тәртіпсіздік өршіп барады. Ашынған жұрт қала көшелеріне шығып билікке қарсы наразылығын білдіруде. Шиеленіс полициямен қақтығысқа ұласты. Елде қалыптасқан ахуалды шешу үшін таяуда Мысыр президенті саяси партиялардың көшбасшыларын бейбіт келісімге келуге шақырған болатын. Алайда оппозиция президенттің бұл ұсынысынан бас тартты.


Тегтер:

сирия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!