Бразилияда болған жарылыс себептері анықталуда

Фотография - Бразилияда болған жарылыс себептері анықталуда

Бразилияда өртенген түнгі клубтың екінші иесі полицияға өз еркімен берілді.

160 0

Бразилияда өртенген түнгі клубтың екінші иесі полицияға өз еркімен берілді. Оның есімі Мауро Хоффманн. Бұған дейін клубтың тағы бір иесі Элиссандро Сфор мен клубта ойнаған екі музыкант тәртіп сақшыларының қолына түскен болатын.

Куәгерлердің айтуынша, музыканттардың біреуі сахнада пиротехникалық зат қолданған. Одан ұшқын пайда болып, ғимараттың төбесі жанған. Тілсіз жау көзді ашып жұмғанша жан-жақты шарпыған. Алапат өрт 230-дан астам адамның өмірін қиды. Қаза тапқандардың көбісі 18 бен 25 жас аралығындағы студенттер. Ал жараланғандар саны белгісіз. Қазір 80 адам жан сақтау бөлімінде жатыр. Халықаралық ақпарат агенттіктері соңғы тәулікте ауруханада 20 адам көз жұмғанын хабарлады. Қаза тапқандар жер қойнына тапсырылды.


Тегтер:

бразилия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!