Алеппода лаңкестер қарапайым халықты қырып салды

Фотография - Алеппода лаңкестер қарапайым халықты қырып салды

Кеше Сирияның Алеппо қаласында «Джебхат ан-нусра» деп аталатын лаңкестік топ өкілдері жергілікті тұрғындарды қырып салды. Көз жұмғандар саны алпыстан асып жығылады. Мұндай жауыздыққа себеп болған жайт – қала халқының лаңкестік топ қатарына кірмеуі болып отыр

345 0

Кеше Сирияның Алеппо қаласында «Джебхат ан-нусра» деп аталатын лаңкестік топ өкілдері жергілікті тұрғындарды қырып салды. Көз жұмғандар саны алпыстан асып жығылады. Мұндай жауыздыққа себеп болған жайт – қала халқының лаңкестік топ қатарына кірмеуі болып отыр. Бұл жайында ИТАР-ТАСС агенттігі мәлімдеді.

Сириялық «Аль-Маядин» телеарнасы хабарлағандай, қайтыс болғандардың барлығын басынан атып өлтірген. Көпшілігі жас жігіттер. Лаңкестік топ қатарында билікке қарсы күреспегендігі үшін жазаланыпты.

Мәйіттерді қаланың Бустан-эль-Каср деп аталатын ауданының тұрғындары Кувейк өзенінен тауып алған. Алғашында «Әл-Жазира» мен «Әл-Арабия» телеарнасы бұл қантөгісті сириялық әскерилер жасаған деген болжам айтты. Алайда, кейінірек аталған лаңкестік топ бар істі өз мойындарына алған.

Марқұмдардың отбасы жоғалған перзенттерін толықтай анықтап бітті. Қазір нақты қанша адамның мерт болғандығы тексеріліп жатыр. Бұдан бұрын ел президенті Башар Асад «Әл-Каиданың» ұяшығы саналатын бұл лаңкестік топтың көзін толықтай жоятындығын мәлімдеген болатын.

Қазіргі таңда Сирия әскері Алеппо қаласының басым бөлігін өз бақылауларына алған. Тек Мешхед пен Ансари-эш-Шарки деп аталатын екі орамға бекінген көтерілісшілер өліспей беріспейміз деп отыр. қақтығыс әлі жүргізіліп жатыр.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!