Нидерланды Корольдігін жаңа патша басқарады

Фотография - Нидерланды Корольдігін жаңа патша басқарады

Нидерланды Корольдігін соңғы 112 жылда бірінші рет ер адам басқаратын болды

173 0

Нидерланды Корольдігін соңғы 112 жылда бірінші рет ер адам басқаратын болды. Елдің ханшайымы Беатрикс биліктен кететінін және тақты ұлына тапсыратынын мәлімдеді.

Әжесінен қалған билікті қолына алған 75 жастағы ханшайым мемлекетті соңғы 30 жылдан астам уақыт бойы басқарып келген. Жалпы бұл –  осы әулетте ежелден келе жатқан дәстүр. Жасы ұлғайған шақта билік жас ұрпаққа өтеді. Енді таққа ханзада Виллем-Александр мен оның жұбайы Максима келеді. Корольдікпен бірге ханзада мен ханшайым әулеттің басты капиталы – Philips, KLM және Royal Dutch Shell компанияларын мұраланады. Беатрикс билікте 30 сәуірге дейін отырады. Сол күні ол тәжді ұлына тапсырады.


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!