Дүние жүзінде құс тұмауы қайта таралуы мүмкін

Фотография - Дүние жүзінде құс тұмауы қайта таралуы мүмкін

БҰҰ-ның Өндіріс және ауыл шаруашылығы ұйымы (ӨАҰ) дүние жүзінде құс тұмауы індетінің қайта таралуы мүмкін екендігін айтты

209 0

БҰҰ-ның Өндіріс және ауыл шаруашылығы ұйымы (ӨАҰ) дүние жүзінде құс тұмауы індетінің қайта таралуы мүмкін екендігін айтты. ӨАҰ-ның хабарлауынша, жануарлардың қауіпті ауруларын қатаң бақылауға алу арқылы құс тұмауының таралуына жол бермеуге болады.

«Осы уақытқа дейін жалғасып келе жатқан экономикалық құлдырау H5N1 топтағы құс тұмауы вирусының шығуының алдын алуға бағытталған қаржының қысқартылуына әкелді. Және бұның халықаралық ұйымдарға ғана емес, елдерге де қатысы бар», - деп мәлімдеді ӨАҰ-ның бас ветеринар сарапшысы Хуан Луброт.

Ол кейбір Азия және Таяу Шығыс елдерінде эндемикалық ауруға айналған вирустың таралуына көңіл бөлді.

ӨАҰ өкілі қатаң бақылаусыз қауіпті аурудың дүние жүзіне оңай таралатынын айтты. Еске сала кетсек, 2006 жылы вирус 63 елге тарады. Бұл індет адамға оңай жұғады. 2003-2011 жылдар аралығында 500-ден астам адам вирусты жұқтырды. 300 адам осы аурудан көз жұмды.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!