АҚШ-та тағы да атыс болды

Фотография - АҚШ-та тағы да атыс болды

АҚШ-та тағы да атыс: 1 адам өлтірілді, 3-уі жарақаттанды

275 0

Белгісіз біреу Аризона штатындағы Финикс қаласында кеңсе ғимаратында оқ атты.

Белгісіз біреу қала орталығында орналасқан кеңсе кешенінің ғимаратына кіріп, мекеменің ішінде болған адамдарға оқ жаудырған. Полиция келгенге дейін ол ізін суытып үлгерген, деп хабарлады РБК.

Қазіргі уақытта бір адамның мерт болғаны және үшеуінің жарақаттанғаны белгілі болып отыр.

Оқиға орнында полицейлер мен құтқарушылар жұмыс істеуде. Алдын ала деректер бойынша, қылмысты 70 жастағы Артур Дуглас Хармон жасаған.

Айта кетейік, 2012 жылы АҚШ-та лаңкестермен жасалған қылмыстар өрши түсті. Бір ай бұрын ғана Ньютаун қаласында жергілікті тұрғын өзінің 26 серіктесін, оның үстіне өзінің туған анасын атып тастаған болатын.


Тегтер:

атыс болды

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!