Тұтқындалатын журналистер көбеюі мүмкін

Фотография - Тұтқындалатын журналистер көбеюі мүмкін

 Иран: Тұтқындалатын журналистер көбеюі мүмкін

171 0

Иранның барлау және ұлттық қауіпсіздік министрлігі елде журналистерді тұтқындап, оларды тергеу шаралары бұдан ары да жалғасуы мүмкін деп мәлімдеме жасады. Министрлік бұған қоса өткен жексенбіде тұтқындалған 14 журналисті "батыспен байланысы бар үлкен ақпараттық желінің мүшелері" деп айыптап, желіге "BBC және бірқатар батыс елдері басшылық жасайтынын" жеткізді.

Таяуда Тегеранда бірқатар реформашыл және жартылай ресми ақпарат агенттіктеріне тексеру жасалып, 10-нан астам журналист тұтқындалған еді.

BBC және Ирандағы оқиғалардан хабар тарататын басқа да халықаралық ақпарат құралдары үлкен хакерлік шабуылдарға ұшырады. Фарда радиосының Facebook-тегі парақшасын әлдебіреулер бұзып кіріп, радио журналистерін қаралайтын профайлдар мен блогтар жасаған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!