Израиль әскери әуе күштері Сирияға соққы берді

Фотография - Израиль әскери әуе күштері Сирияға соққы берді

Сәрсенбінің таңында Израиль ұшақтары Сирияның әуе кеңістігіне кіріп кеткен.

299 0

Сирия армиясының хабарлауынша, қаңтардың 30-ы күні израильдік әскери әуе күштері Дамаск маңындағы әскери зерттеу орталығына соққы берген. Әскери командованиенің бұл мәлімдемесін SANA мемлекеттік агенттігі таратты.

Сәрсенбінің таңында Израиль ұшақтары Сирияның әуе кеңістігіне кіріп кеткен. Өте төмен деңгейде жер бауырлап ұшқаннан кейін бе, шекараны заңсыз қиып өткен ұшақтар радарға ілікпепті.

Осыған байланысты сириялық әскерилер Израильдің бұл қадамын арабтар мен мұсылмандарға қарсы кезекті жорығы деп бағалады. Атқан оқтан зерттеу орталығының екі қызметкері қаза тапты. Ғимаратқа да айтарлықтай зақым келген.

Сириялық әскерилер «израильдік әскери әуе күштерінің Сириядан Ливанға қару тасымалдаған керуенге де соққы берді» деген ақпаратты жоққа шығарды.

Израиль армиясының өкілдері Сирияға неге шүйліккенін әлі түсіндірген жоқ. Осыған дейін Израиль тарапы Сириядағы химиялық қаруды және зымырандарды «Хизбулланың» қолға түсіруі мүмкін екендігін айтып, алаңдаушылығын білдірген болатын. 


Тегтер:

соққы әуе

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!