Шереметьево әуежайында асқазанына кокаин жасырған священник қолға түсті

Фотография - Шереметьево әуежайында асқазанына кокаин жасырған священник қолға түсті

Мәскеудегі Шереметьево әуежайында полиция қызметкерлері Колумбиядан келген священникті тұтқындады. Ол800 граммкокаинді асқазанына жасырып, Ресей аумағына алып өтпек болған

290 0

Мәскеудегі Шереметьево әуежайында полиция қызметкерлері Колумбиядан келген священникті тұтқындады. Ол800 граммкокаинді асқазанына жасырып, Ресей аумағына алып өтпек болған.

Әуежайда аяқ астынан өзін нашар сезінген колумбиялық священникті рентгенге түсіруге тура келеді. Нәтижесінде алыстан ат арытып келген жолаушының асқазанынан есірткіге толы 18 мүшеқап шығады.

Бұл жайында хабар таратқан "Россия 24" телеарнасының ақпаратына қарағанда, священник асқазанын жуғызудан үзілді-кесілді бас тартып, қиғылық салған. Мұның денсаулыққа аса қауіпті екенін ескерткеннен кейін ғана келісімін берген екен.

Есірткімен қолған түскен ол Кариб теңізі аймағындағы ағылшын шіркеуінің священнигі болып шықты. Ол мұндай қадамға мафияның итермелеуімен барғанын айтып, ақталды.

Священник қазіргі уақытта Химкиндік тергеу изоляторында жатыр.

Ресей Федерациясында биыл есірткі контрабандасымен айналысқандарға қолданылатын жаза күшейтілген болатын. Осыған байланысты колумбиялық священник өмірінің 15 жылын түрмеде өткізуі мүмкін.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!