Қытайда екі тибеттік сотталды

Фотография - Қытайда екі тибеттік сотталды

Екі тибет азаматы "жерлестерін өзін-өзі өртеу арқылы Қытай билігіне наразылық танытуға үгіттеді" деген айыппен сотталды

116 0

Қытайдың Сычуань провинциясында екі тибет азаматы "жерлестерін өзін-өзі өртеу арқылы Қытай билігіне наразылық танытуға үгіттеді" деген айыппен сотталды.

Мемлекеттік ақпарат құралдарының хабарлауынша, 40 жастағы Лоран Кончок өлім жазасына кесілді. Ал оның туысы, 31 жастағы Лоран Церинг 10 жылға сотталды. Кончоктың өлім жазасы 2 жылдан соң орындалады. Қытайда әдетте мұндай жаза өмір бойы түрмеге жабумен алмастырылады.

Сот оларды өткен жылы Сычуань провинциясында сегіз тибеттікті өз-өзін өртеуге үгіттеп, олардың үшеуінің қаза табуына кінәлі деп тапты.

2009 жылдан бері 100-ге тарта тибеттік Қытайдың Гималай аймағын бақылауына алуына және қуғын-сүргініне наразылық танытып, өз-өздерін өртеген еді. Олардың көпшілігі мерт болды. Ресми Пекин "тибеттіктердің өз-өзін өртеуіне Тибеттің қуғындағы жетекшісі Далай Лама дем беріп отыр" дейді.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!