Мехикода мұнай компаниясының штаб-пәтерінде жарылыс болды

Фотография - Мехикода мұнай компаниясының штаб-пәтерінде жарылыс болды

Мехикода Pemex алпауыт мемлекеттік мұнай компаниясының штаб-пәтерінде жарылыс болды.

334 0

Мехикода Pemex алпауыт мемлекеттік мұнай компаниясының штаб-пәтерінде жарылыс болды.

Жарылыс салдарынан 14 адам ажал құшты, 80-і жарақат алды, деп мәлім етті елдің ішкі істер министріне сілтеме жасай отырып Reuters.

Бұл оқиға Pemex мұнай компаниясының бас кеңсесі орналасқан биік ғимараттың жертөлесінде болды. Компанияның өкілдері қызметкерлерді қауіпсіз аймаққа көшіргендіктерін, жарылыс салдарынан болған адамдардың мерт болуы жөнінде пікір бере алмайтындықтарын мәлім етті.

Хабарланғандай, адамдар әлі де үйінділердің астында қалуда. Мексикандық телеарналардан көрсетілгендей, ғимарат қалың қою тұманнан көрінбей тұр. Ғимарат аумағында қозғалыс жабылды, құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Оқиға орнына қала мэрі және елдің президенті Энрике Пенья Ньето келді.

Айта кетейік, аталмыш Pemex компаниясында 7 мыңға жуық адам жұмыс істейді.


Тегтер:

жарылыс болды

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!