Тәжік жасөспірімдері Ресейге жұмысқа жіберілмейді

Фотография - Тәжік жасөспірімдері Ресейге жұмысқа жіберілмейді

Тәжікстан үкіметінің көші-қон қызметінің басшысы Сафиолла Девонаев елде кәмелетке толмаған балалардың Ресейде жұмыс істеуіне тосқауыл қоятын арнайы  мемлекеттік комиссия құрылғанын хабарлады

134 0

Тәжікстан үкіметінің көші-қон қызметінің басшысы Сафиолла Девонаев елде кәмелетке толмаған балалардың Ресейде жұмыс істеуіне тосқауыл қоятын арнайы  мемлекеттік комиссия құрылғанын хабарлады.

Оның айтуына қарағанда, қазір Ресейде жастары 18-ге толмаған 74 мың тәжік азаматы мигрант ретінде маусымдық жұмыстарды істеп жүр. Ішкі істер министрлігінің кәмелетке толмағандарды қамауда ұстау қызметінің бастығы Латиф Зокиров Тәжікстан үкіметі 2012 жылы кәмелетке толмаған ондаған тәжік балаларын Ресейден елге күшпен қайтарғанын айтады.

Жыл сайын ондаған мың Тәжікстан, қырғызстан және Өзбекстан азаматтары Ресейге жұмыс істеуге барады. Олардың көпшілігі негізінен қызмет көрсету мен құрылыс саласында жұмыс істейді. Мигранттардың басым бөлігі Ресейге заңсыз жолмен барғандықтан, кейбірінің құлдыққа түсіп қалатын жағдайлары да болады.


Тегтер:

Ресей

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!