АҚШ-тағы мектепте қайта атыс болды

Фотография - АҚШ-тағы мектепте қайта атыс болды

Тағы да бір мұғалім жеңіл жарақат алды

148 0

Бұл жолы Атланта қаласындағы мектепте болған атыстан 14 жасар оқушы қыз басына оқ тиіп жараланған. Тағы да бір мұғалім жеңіл жарақат алды. Оқ атқан оқушы қамауға алынды. 

Мектеп басшылығы өкілдерінің айтуынша, ғимараттың кіре беріс есігі металл заттарын анықтайтын арнайы детектормен жабдықталған. Енді полиция қылмыскердің мектепке қалай қару алып кіргенін анықтауда. Қару-жарақ еркін сатылатын АҚШ-та осындай оқиғалар жиі болып тұрады. Қару-жарақты бақылау мәселесі жақында Коннектикут штатында болған қайғылы оқиғадан кейін ушықты. Мұнда 20 жастағы Адам Ланза мектепте 20 бала мен 6 ересек адамды атып өлтірген.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!