Джон Керри мемлекеттік хатшы қызметіне ресми түрде кірісті

Фотография - Джон Керри мемлекеттік хатшы қызметіне ресми түрде кірісті

Джон Керри АҚШ мемлекеттік хатшысы міндетін атқаруға ресми кірісті. Ол бұған дейін сенатта халықаралық қатынастар комитетін басқарған болатын

203 0

Джон Керри АҚШ мемлекеттік хатшысы міндетін атқаруға ресми кірісті. Ол бұған дейін сенатта халықаралық қатынастар комитетін басқарған болатын. 

Ал АҚШ президенті Барак Обаманың президенттік өкілеттігінің бірінші мерзімі аяқталысымен осы міндетті атқарып келген Хиллари Клинтон жұмыстан кетуді ұйғарды. Ақ Үй басшысы Джон Керридің кандидатурасын осы қызметке өткен жылдың 21 желтоқсанында ұсынған болатын. Алдын ала өткен дауыс беруі кезінде арнайы комитет оның кандидатурасын бір ауыздан қолдаған еді. Ал сенаттың толық құрамда өткізген дауыс беру кезінде ол басым дауысқа ие болды. Хиллари Клинтонның орнын басқан Керри, АҚШ сыртқы саясатта, шет елде тек пилотсыз ұшақтар ұшырумен немесе әскери операция жүргізумен ғана шектелмей, оларға материалдық көмек көрсетіп, мұқтаж елдерге азық-түлік жеткізіп және табиғатты қорғау мәселесіне де жете көңіл бөлген жөн деп санайды. Сонымен қатар жаңа сайланған мемлекеттік хатшы Иранмен де саяси диалогты үзбей, ал Таяу Шығыс елдерімен бейбіт келіссөздерді жандандырып, Қытаймен қарым-қатынастарды нығайтқанды қалайтынын айтты.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!