Жаңа үкімет құру Биньямин Нетаньяхуға жүктелді

Фотография - Жаңа үкімет құру Биньямин Нетаньяхуға жүктелді

Осындай ресми өтінішін үкімет басшысына ел президенті Шимон Перес білдірді

353 0

Израильдің жаңа үкіметін құру елдің қазіргі премьер-министрі Биньямин Нетаньяхуға жүктелді. Осындай ресми өтінішін үкімет басшысына ел президенті Шимон Перес білдірді.

Өткен аптада мемлекет басшысына жақында болған сайлаудың ресми қорытындысы тапсырылған болатын. Осыдан кейін президент парламентке өткен барлық партия басшыларымен кеңескен еді. Кездесу барысында Нетаньяхудың кандидатурасын олардың басым көпшілігі қолдады. Заңға сәйкес келесі жаңа коалицияны құруға 28 күн беріледі. Бұған дейін премьер-министр Израиль мемлекетінің алдында тұрған бірқатар мәселелерді шешу үшін кең ауқымды коалиция құруды жоспарлап отырғанын мәлімдеген болатын. «Бұл үшін Нетаньяху тағы қосымша уақыт сұрауы мүмкін» дейді ақпарат көздері.


Тегтер:

Палестина

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!