Тәжікстан 2 наурыздан бастап ДСҰ-ға мүше болады

Фотография - Тәжікстан 2 наурыздан бастап ДСҰ-ға мүше болады

Тәжікстан 2 наурыздан бастап ДСҰ-ға мүше болады, деп хабарлады ca-news Тәжікстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасай отырып

131 0

Тәжікстан 2 наурыздан бастап ДСҰ-ға мүше болады, деп хабарлады ca-news Тәжікстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасай отырып.

«ДСҰ хатшылығына Тәжікстанның марракеш келісіміне қосылуы туралы хаттаманы ратификациялау туралы грамота ресми түрде тапсырылды», - деп хабарлады ТР СІМ.

Аталмыш грамотаны 31 қаңтарда Тәжікстанның Женевадағы БҰҰ бөлімі және басқа халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілі Салохиддин Насриддинов ДСҰ бас директорының орынбасары Алехандро Хараға тапсырды.

Тәжікстан Орталық Азия елдерінің арасында Қырғызстаннан кейінгі ДСҰ-ға мүше екінші ел және ДСҰ-ның 159-шы мүшесі саналады. Тәжікстан 2001 жылғы мамырда ДСҰ құрамына кіру туралы өтініш берген болатын.

 

bnews.kz айтынан


Тегтер:

Отунбаева

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!