Сирияда мемлекеттік ақпараттық агенттіктің ғимараты шабуылға ұшырады

Фотография - Сирияда мемлекеттік ақпараттық агенттіктің ғимараты шабуылға ұшырады

Сирия астанасы Дамаск қаласында кезекті жарылыс болды.

243 0

Сирия астанасы Дамаск қаласында кезекті жарылыс болды. Бұл жолы сириялық «Сана» ақпараттық агенттігінің ғимараты зардап шекті, деп хабарлайды араб БАҚ-тары.

Дереккөздердің атап өтуінше, жарылыс салдарынан «Сана» агенттігінің ғимараты айтарлықтай зардап шекті. Оқиға болған әл-Барамке ауданына сириялық әскер мен жедел медициналық көмектің ірі күштері келіп жетті.

Мониторингілеудің түрлі топтарының берген мәліметтеріне сәйкес, жексенбі күні Алеппо қаласында он үш адам қаза тапты. Адам құқықтарына бақылау жүргізетін сириялық топ атап өткендей, кезінде Сирияның ірі коммерциялық орталығы болған Алеппо қаласының үлкен учаскелері әскерлер өткен жылдың шілде айының ортасынан бастап қалаға көршілес аймақтардан кіріп жатқан бүлікшілерді тоқтату үшін жаппай тазартуға кіріскелі бері бүлінді.

БҰҰ-ның мәліметтерінше, Сириядағы жиырма екі айлық жанжал салдарынан 60 мыңнан астам адам өлтірілді.


Тегтер:

сирия шабуыл

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!