Иран «көзден ғайып» ұшақ жасап шығарды

Фотография - Иран «көзден ғайып» ұшақ жасап шығарды

Мұның артықшылығы мен ерекшелігі осында.

145 0

Иран Qaher-313 («Жеңімпаз») деп аталатын отандық ұшағының тұсауын кесіп, ел назарына ұсынды. Бастан-аяқ ирандық мамандар жасап шыққан бұл әскери ұшақ радардың назарына ілікпейді екен. Мұның артықшылығы мен ерекшелігі осында.

Ел тізгінін ұстаған Махмұт Ахмединежад ұшаққа жоғары баға берді. Ұшақты сынаған ұшқыштар да ұшақтың мүмкіндіктеріне тәнті болды.

Президент өз сөзінде Иранның өзге елдерге күш көрсетпейтінін мәлімдеп, жаңа ұшақ қорғаныс мақсатында қолданылатынын жеткізді.

Жаңа ұшақ әскери ұрысқа сақадай сай әзірлігімен, биік ұшатын, қысқа алаңда ұшып-қона алатын мүмкіндігімен және басқарудың қарапайым тәсілдерімен ерекшеленеді. 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!