Сириядағы қанды қырғын 22 ай бойы жалғасып келеді

Фотография - Сириядағы қанды қырғын 22 ай бойы жалғасып келеді

Алеппо және Биниш қалаларына әуеден шабуыл жасалып, Алеппоның аль-Ансари ауданында 16 адам қаза тапты

119 0

Сириядағы қанды қырғын жалғасып келеді. Алеппо және Биниш қалаларына әуеден шабуыл жасалып, Алеппоның аль-Ансари ауданында 16 адам қаза тапты.

Құрбан болғандардың көбі бейбіт тұрғындар. Көз жұмғандардың қатарында әйелдер мен балалар да бар. Қуаты күшті жарылыс бірнеше ғимаратты жермен-жексен еткен. Ал Биниш қаласында қаза тапқандардың нақты саны әзірге белгісіз. Шаһардың әуе кеңістігінде дамыл жоқ. Жергілікті тұрғындар зардап шеккендерді үйінді астынан шығарып, арпалысып жатыр. Негізі Сириядағы үкімет әскері мен оппозиция бүлікшілері арасындағы қанды қырғын 22 ай бойы жалғасып келеді. Ел президенті Башар Асад пен содырлар арасындағы жанжалдардан 60 мыңға жуық адам көз жұмған.


Тегтер:

сирия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!