Парагвайда қаралы күн жарияланды

Фотография - Парагвайда қаралы күн жарияланды

Парагвайда президентікке үміткер бұрынғы генерал Лино Овьедоның өліміне байланысты елде үш күн қаралы деп жарияланды

160 0

Парагвайда президентікке үміткер бұрынғы генерал Лино Овьедоның өліміне байланысты елде үш күн қаралы деп жарияланды.

Ел аумағында үш күн бойы ресми шаралар, ойын-сауық жобалар өткізілмейді. Айта кетерлігі, таяуда елде оппозициялық «Намысты азаматтар ұлттық одақ» партиясының жетекшісі, Президент лаузымына үміткер 67 жастағы Овьедо мінген тікұшақ апатқа ұшырады. Саясаткермен қоса, оның күзетшісі және ұшқыш қаза тапты. Полиция болжамдарына қарағанда, апатқа күн райының қолайсыздығы себеп болған. Алайда партия жетекшісінің жақтастары «бұл өлім кездейсоқтық емес, оқиғаға жергілікті қылмыстық топтардың қатысы бар» деген болжам келтіреді. Саясаткердің жақтасы Сесар Дуран Лион Овьедо жылдар бойы қылмыстық ұйымдармен қатаң күрес жүргізген. Үміткер солардың қолынан мерт болуы мүмкіндігін жоққа шығармайды.


Тегтер:

бразилия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!