Мексикада жолбарыс жануарларды үйретушіні аренада талап тастады

Фотография - Мексикада жолбарыс жануарларды үйретушіні аренада талап тастады

Бұл туралы штаттың полициясынан хабарланды.

290 0

Жануарларды үйретуші Александр Криспин Мексиканың солтүстік-батысында орналасқан Сонор штатында шоу кезінде көз жұмды. Оны аренада жолбарыс талап тастады. Бұл туралы штаттың полициясынан хабарланды.

Қайғылы оқиға сенбі күні кешқұрым Этчохоа қаласында цирктің қойылымы кезінде орын алды. Криспин екі жолбарыспен бірге аренада болған. Бір кезде жануарлардың бірі бақылаудан шығып кетіп, әртіске тап беріп, талап тастаған.

Жолбарыс әлі тірі болған марқұмды бірнеше минут бойы талап, табан астында алған. Цирктің қызметкерлері жануарды қуып жібермек болғанымен, бұдан еш нәтиже шықпады. Криспин ауруханаға жеткізілгенімен, медициналық көмек көрсету кезәнде жантәсілім етті.

Жолбарыстың әрі қарай тағдыры жайлы әзірге белгісіз.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!