Франция парламенті бір жыныстылардың некесін заңдастырды

Фотография - Франция парламенті бір жыныстылардың некесін заңдастырды

Францияның ұлттық ассамблеясы бір жыныстылардың некелесіп, бала асырап алуына рұқсат беретін заң жобасын жақтап, дауыс берді.

231 0

Францияның ұлттық ассамблеясы бір жыныстылардың некелесіп, бала асырап алуына рұқсат беретін заң жобасын жақтап, дауыс берді. Бұл жайында «Лента» порталы хабар таратты. Заң жобасына 249 депутаттың 97-і қарсы шыққан.

Бұл шешімге билік басындағы Социалистік партиясы, солшылдар партиясы, сондай-ақ, Жасылдар партиясының өкілдері қолдау білдірді. Бұған қоса, оңшыл центристік партияның бір депутаты жақтап, дауыс берген. Ал бұл партияның өзге бір өкілі – Филипп Госселен үкіметтің Франция қажет етіп отырмаған заңды қолданысқа енгізгісі келетінін айтып, мәлімдеме жасады. Тіпті, мұндай жұптарға келесі жолы суррогатты жолмен перзент сүюге де рұқсат беруі мүмкін деп, ел үкіметін қатты сынға алды. Бұл заңға Католик шіркеуі де қарсылық білдірді.

Сауалнама нәтижесі көрсеткендей, француздардың көбісі көгілдірлердің жұптасып өмір сүруіне қарсылық білдірмеген. Аз бөлігі ондай жұптардың пезент сүйіп, бала асырап алуына да келіскен.

Соңғы уақытта бұл заң қоғамның қызу талқысына түсіп, елді дүрліктірген еді. Қызтекелер мен еркекшоралардың неке қидыруына наразылық білдіріп, шеруге шыққандармен қатар, заңды жақтап, көшеге шыққандардың да қарасы аз болмады.

Қазіргі ел президенті Франсуа Олланд сайлау алдында көгілдірлердің құқығын қорғайтынын айтып, уәде берген болатын. Ол бірнеше рет осыған қатысты мәлімдеме жасап, Францияда өтетін бір жыныстылардың алғашқы үйлену тойына да қатысатынын жеткізген еді.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!