Әзербайжанда оппозиция жетекшілеріне айып тағылды

Фотография - Әзербайжанда оппозиция жетекшілеріне айып тағылды

Әзербайжанда оппозицияның екі жетекшісіне жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды деген айып тағылып, іс қозғалды.

127 0

Әзербайжанда оппозицияның екі жетекшісіне жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды деген айып тағылып, іс қозғалды.

"Мусават" партиясы жетекшісінің орынбасары Тофиқ Якублу мен "РЕАЛ" қозғалысының жетекшісі Ильдар Мамедов өткен айда болған жаппай тәртіпсіздіктерге айыпты деп танылса, үлкен көлемде айыппұл салынуы немесе үш жылға бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін.

Адвокаттарының айтуынша, саясаткерлердің жақтастары да жауапқа тартылуы ықтимал.

Саясаткерлерге тағылған айып Бакуден 150 километр қашықтықта орналасқан Исмаилие қаласында 23 қаңтарда болған наразылықтармен байланысты.

Сол күні қаланың мыңдаған тұрғыны қала басшысының қызметтен кетуін талап етіп, жергілікті әкімшілік ғимаратына, қымбат көліктер мен қонақүйге өрт қойған еді. Сол күннің ертесінде қалаға Тофиқ Якублу мен Ильдар Мамедов барып, халықты бағынбауға шақырған деген ақпарат тараған.

Полиция демонстранттарды көзден жас ағызатын газ бен су шашып таратты.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!