Ваххабизмді тек күшпен жеңуге болады

Фотография - Ваххабизмді тек күшпен жеңуге болады

Оларды тек мемлекеттік күш қана жеңе алады дейді татардың белгілі діндары Фарид Салман.

263 0

Мұсылмандардың діни басқармалары ваххабизммен рухани тұрғыда күресуде қауқарсыз, оларды тек мемлекеттік күш қана жеңе алады дейді татардың белгілі діндары Фарид Салман.

«Уахабтармен күресуде Рамзан Қадыров ұсынған амалдан артық амал жоқ» деді Салман «Солтүстік Кавказдың Поволжьеге діни әсері: фундаменталистік исламның проблемалары» деп аталатын ғылыми конференция барысында.

Шешенстан басшысы Р.Қадыровтың әдісі: дәстүрлі исламды дамытып, уахабтармен келіссөз жүргізуден бас тарту екендігін де атап өтті татарстандық діндар.

Фарид Салман жаңа тарихтағы Солтүстік Кавказдың Татарстанға діни әсерін үш кезеңге бөліп қарастырып отыр. Алғашқысы – КСРО құлап, екінші шешен соғысының басталуына дейін (1991 – 1999), екінші кезең – Татарстанның діни басқармасын Гусман Исхаков басқарып тұрған кез (1999 – 2011), бұл кезде Кавказ уахабтары мен Татарстан уахабтары кедергісіз байланыста болды, үшінші кезең – соңғы үш жыл дейді Ф.Салман.

Мамандардың айтуынша, бүгінгі таңда уахабилік татар жастарының арасында үлкен танымалдылыққа 32 жасар Абу Умар Саситлинский ие болып отыр (шынайы есімі – Исраил Ахмеднабиев). Ол Саид Бурятский өлгеннен кейін жамағаты арасында аты шыға бастаған.


Тегтер:

ваххабизм

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!