Ұзындығы бір шақырымнан асатын шұжық Гиннесс рекордтар кітабына енді

Фотография - Ұзындығы бір шақырымнан асатын шұжық Гиннесс рекордтар кітабына енді

Дәмді тағамның ұзындығы 1111 метрді құрады.

307 0

Қытайдағы Шыңжаң-Ұйғыр автомномиялық өлкесінде «Вантун» мал өсіру фермасының жұмыскерлері жылқы етінен алып шұжық дайындады. Дәмді тағамның ұзындығы 1111 метрді құрады.

Өткен демалыс күндері ҚХР ШҰАӨ-нің Шәуешек округі Эминь уезінде Ұлттық ас үйінің аптасы өтті. Шараның аясында көрермендердің назарына аспаздық туынды - ұзындығы бір шақырымнан асатын жылқы етінен жасалған шұжық ұсынылды. Оны дайындау үшін 5 тоннадан артық жылқы еті жұмсалды. Жергілікті аспаздар тағамды дайындау үшін 9 күн еңбектенді.

Шыңжаңда дайындалған деликатес әлемдегі ең ұзын жылқы шұжығы болып, Гиннесс рекордтар кітабына енгізілді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!