Үндістан президенті зорлық жасағандарды өлім жазасына кесу туралы заңды мақұлдады

Фотография - Үндістан президенті зорлық жасағандарды өлім жазасына кесу туралы заңды мақұлдады

Бұл туралы қаулыға мемлекет басшысы кеше қол қойған

202 0

Үндістан президенті Пранаб Мукерджи қыздарға зорлық жасаған қылмыскерлерді өлім жазасына кесу туралы заңды мақұлдады. Бұл туралы қаулыға мемлекет басшысы кеше қол қойған, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС «Таймс оф Индиа»-ға сілтеме жасап.

Енді Үндістанның Қылмыстық кодексіне өзгертулер енгізіледі. Енді зорлау адам өліміне алып келсе немесе оның денсаулығына айтарлықтай нұқсан келсе қылмыскерлер өлім жазасына кесіледі. Ал абақтыға қамау уақыты 10 жылдан 20 жылға көбейтілді. Сондай-ақ, Үндістан президентінің жарлығымен әйелдерге қарсы жасалған басқа да құқық бұзушылықтарға жаза күшейтілді.

Өткен жылдың 16-шы желтоқсанында 23 жасар студент қыз Джоти Сингх қылмыскерлердің құрбаны болған. Бүгін Нью-Делиде осы қылмысты жасаған бес адамға қатысты сот ісі қаралады. Оларға адам өлтірді, тонады, адам ұрлады деген айып тағылып отыр.

Студент қыздың өліміне байланысты Үндістанда жаппай наразылық шарасы өткен. Акцияға қатысушылар қыз зорлағандардың қатаң жазаға тартылуын және мұндай қылмыстық істерді жедел түрде қарайтын арнайы соттың құрылуын талап еткен.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

Тайланд

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!