БАӘ-де көлік апаты салдарынан 22 адам қаза тапты

Фотография - БАӘ-де көлік апаты салдарынан 22 адам қаза тапты

Автобус пен жүк көлігінің соқтығысуы салдарынан 22 адам қаза тапты.

173 0

Біріккен Араб Әмірліктерінің Әл-Айн қаласында болған жол-көлік апаты - автобус пен жүк көлігінің соқтығысуы салдарынан 22 адам қаза тапты.

Әмірліктің БАҚ қаза тапқандардың барлығы Әл-Рауд ауданына жұмысқа бара жатқан азиялық жұмыскерлер екенін хабарлайды. Алдын ала мәліметтер бойынша, ішінде адамдар отырған автобуспен үлкен жылдамдықпен келе жатқан жүк көлігі соқтығысты. Оның тежегіші істен шығып қалу мүмкіндігі жазылады.

Оқиға орнына барлық медициналық және құтқару қызметтері шығып, зардап шеккендерді жақын жерде орналасқан ауруханаларға жеткізу үшін тікұшақтар жұмылдырылды. Қайғылы оқиғаның куәгерлері құтқарушылар қаза тапқандарды автобустың ішінен алып шығу үшін көп уақыт пен күш жұмсағанын хабарлады.

Бұл оқиға ел тарихындағы ең үлкен апат болды. Қазіргі уақытта БАӘ-нің билік өкілдері жекеменшік компанияларды жүк техникасының техникалық қаралуын және жүргізушілердің дайындығын мұқият тексеру туралы ескертті.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!