АҚШ-та қару саудасы шектелмек

Фотография - АҚШ-та қару саудасы шектелмек

Қару саудасын шектеу керек. Бұл туралы АҚШ президенті Барак Обама Миннеаполисте өткізілген жиын барысында мәлімдеді

151 0

Қару саудасын шектеу керек. Бұл туралы АҚШ президенті Барак Обама Миннеаполисте өткізілген жиын барысында мәлімдеді.

Лидер соңғы кезде елде қылмыстың өсуіне және қарапайым халықтың қаруды жиі қолдануына  алаңдаушылық білдіретінін жеткізді. Мемлекет басшысы әскери мылтықтарды азаматтық тұлғаларға сатылуын шектеу және жұмысты қатаң қадағалауды жауапты органдарға тапсырды. Айта кету керек, қару-жарақ сатылымын және өндірілуін шектеу бағдарламасы 1994 жылдан 2004 жылға дейін Билл Клинтон басқару кезінде жүзеге асырылған еді.

Барак ОБАМА, АҚШ президенті:

- Азаматтық тұлғаларға қарудың сатылымын шектеу арқылы біз қылмыстық әрекеттерді азайтамыз. Барлық адамның өмірін сақтап қалмасақ та, өлім саны кемиді деген сенімдемін. Елімізді қорғау әр АҚШ азаматының жауапкершілігі және өздеріңіз президент қылып сайлаған бірінші кезекте менің жауапкершілігім.


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!